Дәл бүгін қызғалдақтар тегіс гүлдеді,
Бәрінде көңіл-күй бар жеңіс күндегі.
Себебі ең сұлу қыз жер үстіндегі,
Менімен бір болуға келістім деді.
Бұл бақыт бұрын маған қиял еді,
Ойнайды көңілімнің күй әдемі.
Себебі ең сұлу қыз әлемдегі,
Иә деді, иә деді
Сен мені зор бағым де,
мол байлығым де,
Бір болсақ күн бұлттанып,
солмайды гүл де.
Бақытты болуыңа болады енді,
Бақытсыз болмауыңа болмайды мүлде.