Мөлдіреп тұрса жамалым
Үнсіз бір күйде қаламын
Тамшыдай таңдар атпас еді
Жолықпағанда жанарың
Таусылды тағат өзімде
Таба алмай теңім, өзіңе
Ерікті беріп сезімге
Байландым жіпсіз өзіңе
Қайырмасы:
Атады таңдар мөлдір
Сені ойлап күнде сол бір
Сыйдырған бар ғаламды
Көздерің сенің көл нұр
Өзіңдей білем жалғыз
Жапанда өскен бір гүл
Не деймін басқа сен жайлы
Теңеймін саған түнгі айды
Дертіме шипа таппаса
Жүрекке мына сол қайғы
Қиялдың еріп соңына
Қамалдым ойдың торына
Қай жерге барып гүл ашып
Қонарсың кімнің қолына
Қайырмасы:
Атады таңдар мөлдір
Сені ойлап күнде сол бір
Сыйдырған бар ғаламды
Көздерің сенің көл нұр
Өзіңдей білем жалғыз
Жапанда өскен бір гүл
Қайырмасы:
Атады таңдар мөлдір
Сені ойлап күнде сол бір
Сыйдырған бар ғаламды
Көздерің сенің көл нұр
Өзіңдей білем жалғыз
Жапанда өскен бір гүл