Арамызда жылдар,
Ешкім білмес сырлар,түн,
Бәріне куә бұл түн.
Тағдыр бізді сынап,
Шаршамадық құлап, күн,
Кездесер сол бір күн.
Білесің бе жүрегімнің ән жырын,
Жаныма не керегін.
Не сұрарымды өмірден,
Сурағым бір сен білесің бе.
Сен, мүлде білмессің,
Не болғанын сезбессің.
Көздерімді көрмессің сен,
Ұйқы жок осы сұрақпенен.
Неге, сүріндім құладым мен,
Тағдырымнан сұрадым.
Неге маған карап тұрып,
Өтірікті ауадай жұттың.
Саған тән қылық емес еді,
Соның бәрі керек пе еді.
Суық қару немесе сенің жүрегің,
Бәрібір мақсаты бір екеуінің.
Екеуінің, екеуінің, екеуінің.
Сенсіз өмір маған,
Өтеді күндер сағат,
Жаным, жаным.
Сенсіз өмір маған,
Арнадым әнді саған.
Түсірмеші есіме бәрін.
Сенсіз өмір маған,
Өтеді күндер сағат.
Жаным, жаным.
Сенсіз өмір маған,
Арнадым әнді саған.
Түсірмеші есіме бәрін.
Маңызды ма жағдайым,
Сұрашы менен әрдайым.
Мұңды болса тек қана,
Жаным айтшы барайын.
Құшағымда жұбатам,
Көздеріңді ұнатам.
Сені сүйемін дегенде,
Төмен қарап ұрланад.
Тас түнекте күнімсің,
Отырамыз үн – түнсіз.
Жүрек оты жанады,
Езулерің күлкісіз.
Маған ауыр батады,
Арамызда қараңғы.
Сен сүйетін адамың,
Жоқ қой сенде шатағы.
Бірақ сен сенудесің,
Сен маған керексің.
Дей бересің әр күні,
Бірақ сен сезбессің.
Менің хал жағдайымды,
Сен білмес ойларымды.
Алысқа мен кетейін,
Аралап қалаларды.
Сен білмейтін жерлерге,
Бірақта кедергі мен.
Сени тастап кетем бе,
Әлде қалып төземін бе.
Алыста қарай берем сол жаққа,
Себебін білмей қойдым бірақта.
Басқа бақыт іздесеңде жаныңда,
Боламын күтіп тұрамын алыста.
Көздеріңе қарай бергім келеді бірақ,
Басқасын таңдадың мың бір сұрақ.
Өтірікке судай баттың жаным менің,
Арамызда бәрі қалды бірақ қалмады сенім.
Сүйемін дейсің,
Күйемін дейсің.
Шындығына келгенде, мүлдем сүймейсің.
Жаным дейсің, қиын болсада,
Айтпайсың бірақ білемін сүйіп білмейсің.
Сенсіз өмір маған,
Өтеді күндер сағат.
Жаным, жаным.
Сенсіз өмір маған,
Арнадым әнді саған.
Түсірмеші есіме бәрін.
Сенсіз өмір маған,
Өтеді күндер сағат.
Жаным, жаным.
Сенсіз өмір маған,
Арнадым әнді саған.
Түсірмеші есіме бәрін.
Түсірмеші есіме, бәрі есімде.
Ұмытуға тырыссам да,
Мен ұмыта алмайм.
Түсірмеші есіме бәрін.