Айналайын қарағым қал жақсы ма?
Сала берме көзіңді әр жақсы ға.
Сала берсең көзіңді әр жақсы ға,
Бәрі жақсы көрінеді алғашқыда
Айым бекен ай
Күнім бекен ай
Өзі сұлу өзі жас
Кімнің жары екен ай
Аузыңдағы ақ тісің маржан тісің
Бұндай душар болар ма сүйген кісің
Сүйген кісің сүйкеніп өте шықса
Қатты от жаққан қазандай қайнайды ішің