Тағдырдың жазғанына барма шарам
Жан едім ертелі-кеш сені ойлаған
(Өзгемен кеткендігің аз болғандай
Тойыңа шақырыпсың қалай барам)*2
Қайырмасы:
(Сен жүрсің той тойлап
Мен жүрмін сені ойлап
Бойымда қан қайнап
Сені ойлап)*2
Жолыңа қарап жиі алаңдадым
Келмедің, менде күліп бара алмадым
(Енді мен өткен күннің тәтті елесін
Түсіңе еніп еске салам жаным)*2
Қайырмасы:
(Сен жүрсің той тойлап
Мен жүрмін сені ойлап
Бойымда қан қайнап
Сені ойлап)*2
Осылай болар мүмкін өмір заңы
Тұнжырап қалды міне көңіл бағы
(Қаншама ұмытайын десемде мен
Өзіңді аңсайды екен жүрек тағы)*2
Қайырмасы:
(Сен жүрсің той тойлап
Мен жүрмін сені ойлап
Бойымда қан қайнап
Сені ойлап)*2