Аңсаудан қашан арылам
Жанымда жүрші жалынам
Бақытым гүлім жан еркем
Өзіңді ойлап сағынам
Сағынам сені қамығам
Қасыңнан қай күн табыламын эйй
Табыламын эйй
Көздерің маған қараған
Арманым сенсің қалаған
Жаралы болған жүректі
Түсінер ме екен жан адам
Ғашықтық отын арнаған
Айталмай саған қаламын ба эйй
Қаламын ба эйй
Өзіңе ғашық сезімді
Жақсылыққа мен жорығам
Болсаң менің қасымда
Айдай болып толығам
Алшақтап кетпей арамыз
Өзіңмен қашан жолығамын эйй
Жолығамын эйй
Айлы түнде қыдырып
Ұстасам деймін қолыңнан
Сені іздеп жүріп адасып
Қалмасам деймін соңыңнан
Жанымнан артық жарығым
Жалғызым сенсің махаббатым эйй
Махаббатым эйй