Қайран уақыт
Қайран уақыт, өзіңді жолдас еттім,
Өзіңмен бірге жүріп сапар шектім.
Тірлікте қиналғанда арқа сүйеп,
Өмірдің көпірінен қатар өттім.
Қайырмасы:
Қадірінді білдік пе, қайран уақыт,
Қоймайды екен бұл өмір сайрандатып.
Күздің ызғар салқыны соғады екен,
Жаздың да жапырағын жайған бақыт,
Қадіріңді білдік пе, қайран уақыт.
Қайран уақыт, өзіңмен қатар жүрдім,
Шүғыласын көп көрдім батар күннің.
Қүпиялы өмірге қадам басқан,
Әр күнімді бақытты сапар білдім.
Қайран уақыт, өзіңмен қатар жүрдім,
Шұғыласын көп көрдім батар күннің.
Құпиялы өмірге қадам басқан,
Әр күнімді бақытты сапар білдім.
Қайырмасы.
Қайран уақыт, кел бері сырласалық,
Көңілден шер тарқатып мүңдасалық.
Бірге жүрген күндерді біз бағалайық,
Екі келмес дүние, бір жасалық