Әркез есімін етемін мақтан!
Жаныма үміттің шырағын жаққан
Мен үшін тағдырдың дәм-тұздың тартқан
Бұл менің анам, бұл менің анам!
Кейде ұйқысыз мені ойлап жатқан
Көңілсіз шағымда көңлімді тапқан
Мейрімін үстіме көрпе қып жапқан
Бұл менің анам, бұл менің анам!
Бәрінен қымбаттым, бағалым
Бәрінен жақыным адалым
Бәрінен аяулы адамым
Бұл менің анам, бұл менің анам!
Биікке әрқашан бастырған қадам
Бақыттың есігін аштырған маған
Мен үшін бәрінен рас қымбат адам
Бұл менің анам, бұл менің анам!
Бәрінен қымбаттым, бағалым
Бәрінен жақыным адалым
Бәрінен аяулы адамым
Бұл менің анам, бұл менің анам!
Жыласам жұбатқан сөзбенен мені
Күлімдеп, қуантқан көзбенен мені
Ерекше көретін өзгеден мені
Бұл менің анам, бұл менің анам!