Біз кездескен алғашқы күн
Алғашқы қар жауып тұрды
Махаббаттан бас сайрасам
Алғашқы қар сауық қырда
Үйленердей әңгіме емес
Үйлесімін тауып тұрды
Қиялдап ем қыдырсақ деп
Жаз келгенде барып қырды
Жазда келіп есік қақсам
Жас жүрегін жабықтырды
қайырмасы:
Кездесу қайда таудағы
Лаулаған жүрек жаурады
Есіме сені салғаны
Алғашқы қардың жауғаны
Кездесу қайда таудағы
Лаулаған жүрек жаурады
Есіме сені салғаны
Алғашқы қардың жауғаны
Өмірімді көрікті еттің
Сезіміме сеніп кеттім
шырындайын қылығыннан
Шың сүюге ерікті еттің
Қоштасарда қолымды ұстап
Ақ орамал беріп кеттің
Тағдырымыз қосылмады
Тағдырыма келіп кеттің
Ақ орамал әппақ сезім
Қармен бірге еріп кеттің
қайырмасы:
Кездесу қайда таудағы
Лаулаған жүрек жаурады
Есіме сені салғаны
Алғашқы қардың жауғаны
Кездесу қайда таудағы
Лаулаған жүрек жаурады
Есіме сені салғаны
Алғашқы қардың жауғаны