Жаңабай Өтегенов Перизатым ау минус

00:00 / 03:17
Loading
Скачать
0
610
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: нейро-минус (нейромастер)
Свойства файла: 7,4 Мб 320 кбит/с
Загружено: Мейірім Әуелханұлы @ 23.07.21
Текст песни «Перизатым ау»
  
Жаңабай Өтегенов – Перизатым

Алдаусыз сезім ақ жүрегіммен
Арманына адал тағдыр едім мен
Бағыты жұмбақ бағасы қымбат
Бақыт іздеген жанмын өмірден
Көрдім де сені өртендім өзім
Еркімді билеп еркем бір өзің
Көркіңе шіркін жарасқан қандай
Көз айым күнім көркем мінезің

Жап-жарық нұрдан жаралдың ба сен?!
Мөп-мөлдір мұңдай жанардың жасы-ең.
Ғайыптан келген Перизатым-ау,
Ғажайып сыйы ғаламның әсем…

Назданып әркез нұрға малынып
Ынтызар еттің ырғала күліп
Мен сені жақсы көріп қалдым ғой
Мез еткен ауыр мұңнан арылып

Жап-жарық нұрдан жаралдың ба сен?!
Мөп-мөлдір мұңдай жанардың жасы-ең.
Ғайыптан келген Перизатым-ау,
Ғажайып сыйы ғаламның әсем…

Көріктім менің көзі нұр жақұт
Сыр айтсаң сендік сезім үн қатып
Көз ілмей мәңгі өзіңдей жанды
Сағынудың да өзі бір бақыт
Текст добавлен: Мейірім Әуелханұлы