Сұлу, сұлу болса дағы көздерің
Жылу маған бере алмады сөздерің
Сен де өзім білем деп
Мен де өзім білем деп
Екеуміз де бағы болдық өзгенің
Қайырмасы:
Мейлі, жүрегімді жаула
Мейлі, көңілімді аула
Мейлі, өз отыңа өзің жанып
Күйіп лаула, лаула мейлі
Күні-түні мен де мейлі
Мендік жүрек сен демейді
Сен десе де сенбе дейді
Дейді сен дейді
Сұлу, сұлу болғанымен дидарың
Мен де сұлу әнді саған сыйладым
Бір далада жүргенмен
Бір қалаға сыйғанмен
Алақандай жүрегіме сыймадың
Қайырмасы:
Мейлі, жүрегімді жаула
Мейлі, көңілімді аула
Мейлі, өз отыңа өзің жанып
Күйіп лаула, лаула мейлі
Күні-түні мен де мейлі
Мендік жүрек сен демейді
Сен десе де сенбе дейді
Дейді сен дейді
Мейлі, мейлі, мейлі,
Жүрегімді жауласаң да
Көңілімді баурасаң да
Мейлі...