Дос-жаранмен түсінісіп,
Жарастым ба, білмеймін.
Құпиясы дүниенің
Жаңа аштым ба, білмеймін.
Өмір деген - қалың орман.
Адастым ба, білмеймін.
Өмір түгіл, өзімді де білмеймін,
Сені ойласам, төзімді де білмеймін.
Бар білерім - сені сүйген екенмін,
Сені мәңгі аялаумен өтермін.
Тәңірімнен қуат бер деп,
Сұрадым ба, білмеймін.
Жан түсінбей жүрегімді,
Жыладым ба, білмеймін.
Сан сүрініп тіршілікте,
Құладым ба, білмеймін.
Ғашық дерті махабаттан,
Нәр алдым ба, білмеймін.
Дүниеге жұмбақ болып,
Жаралдым ба, білмеймін.
Бар ма, жоқ па, бақытымды,
Таба алдым ба, білмедім.