Айлы түнде, күндіз де
Құр адасып жүрміз бе
Қоштаспаудың жолдарын
Көрсетеді кім бізге
Басқа бағың бар білем
Арамызда қалды не
Айтылмады біздегі
Таусылмайтын әңгіме
Қайырмасы:
Кештім, кештім
Сен де кешкін
Кешірімсіз пенде емеспін
Сырды ұқпады мендегі ешкім
Өзің кеткелі
Кештім, кештім
Сен де кешкін
Кешірсең де енді елессің
Жүрегіме келмеді ешкім
Өзің кеткелі
Источник ketpe.com
Сенде болдың айыпты
Менде болдым айыпты
Бірақ біздің кінәміз
Кешірімге лайықты
Сезіндіңбе жан құрбым
Мені жалғыз қалдырдың
Сені жалғыз қалдырдым
Жазуымен тағдырдың.