Тамерлан Тойға шашу минус

00:00 / 04:53
Loading
Скачать
1
5895
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: мастер
Свойства файла: 11,1 Мб 320 кбит/с
Загружено: alfis @ 20.11.20
Текст песни «Тойға шашу»
  
Ал екі күш қосулы тұр аппарат
Бала кезден өлеңге бар махаббат
Келіп тұрған араңа Тамырландай балаңа
Тағыда бір ұрыңыздар шапалақ

Шаң жуытпай еркелетіп маңдайды
Той жасайтын бар байлығын арнайды
Қызыл гүлдей баптаған ұлы үмітін ақтаған
Әкемізге бір қол соқсақ болмайма?

Соғып тұратын жүрек дейтін кез ед
Ұғынарсың бар қадырын өсе кеп
Жылап жатса оянған түнде бесік таянған
Анамызға қанекей бір қошемет

Жиенінің көрген талай айласын
Жолын бірақ қалай оның байласын
Бар сыйлықты әкелер тойды бимен көтерер
Нағашы мен жиен бөлек қайдасың?

Мың жыл бойы туысым деп мойынар
Өткізетін қонақ болып тойым бар
Қыз алысып қыз берген құда болған сіздермен
Құдаларға бір қол соғып қойыңдар

Той болғанда жандарыңнан табылған
Жұмыс болса бірге жасап жабылар
Апалармен жезделер ағалармен жеңгелер
Қол соғайық осы жерде тағы бір

Доссыз өмір әрқашанда бекер шың
Олар жоқта қалай тірлік етерсің
Осы тойды күшті қып биді билеп ысқырып
Құрдастар мен достар тағы көтерсін

Жас жүректер бір жүрекке сыйғасын
Езулерін шын бақыттан жыймасын
Осы аулетке немере содан кейін шөбере
Әр жыл сайын жалықпастан сыйласын

Келіндерің болмасыншы ұрысқақ
Күйеу бала алда жүрсін туыстап
Бауыр бүтін бас аман осындай той жасаған
Ата анаға қол соғайық дұрыстап

Аман жүрсін ақ жаулықты анамда
Аман жүрсін ақ көйлекті ағамда
Көрсеттім ғой өнрді аяқтайын өлеңді
Бір қол соғып қойыңыздар мағанда
Текст добавлен: alfis
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.