Жанарыңнан еріксіз жас тамды ма.
Қалғанымда мен үнсіз тағы да.
Таба алмадың бір жауап.
Ақталам деп бардыңда.
Кешір мені кешірші.
Кінәлімін алдыңда.
Қайырмасы:
Сүйіп жүрек тағы алданды.
Күйіп бекер жараланды.
Амалымыз қалмаған.
Жалған,жалған жалған бәрі.
Қолын бұлғап арман қалды.
Күндер,түндер арнаған.
Тоғыспады-ау қайтеміз
Біздің жолдар таңдаған.
Сүйгеніме таңданам,
Құлай сені.
Қинайтындай не жаздым
Бұлай мені.
Өкінсемде қаншама.
Сырды ашпадым достарға
Өзің жаққан отыңды.
Сөндіртпеші басқаға
Қайырмасы:
Сүйіп жүрек тағы алданды.
Күйіп бекер жараланды.
Амалымыз қалмаған
Жалған,жалған жалған бәрі.
Қолын бұлғап арман қалды.
Күндер,түндер арнаған.
Тоғыспады-ау қайтеміз.
Біздің жолдар таңдаған.
Жүрегіңді жараладым
Саған тірек болалмадым
Кешір мені өтінем
Біз ойнаған бұл сюжет
Аяқталсын осымен