Куандык Рахым Арай Серикхан Мен сені құлай сүйдім минус

00:00 / 04:12
Loading
Скачать
0
1255
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: задавка
Свойства файла: 7,7 Мб 256 кбит/с
Загружено: Мейірім Әуелханұлы @ 05.08.20
Текст песни «Мен сені құлай сүйдім»
  
Жүздіріп арманымды таң нұрына, 
Бір шырақ мың шырақты жандыруда. 
Сезімге сан бояумен өрнек салып, 
Дариға-ай, жүрегімді баурап алдың. 
Мен сені тағдырым деп таңдап алдым, 
Ризамын сен жолыққан тағдырыма. 

[Қайырмасы] 
Ақ бұлтқа ілесе алмай, 
Мен сенсіз күн кеше алмай, 
Амалсыз көктен жерге төмендедім. 
Қарамай дауылдарға, 
Мен күттім жауындарда. 
Бақыт боп келер дедім, 
Көктемдей көркемім деп, 
Алаңсыз ертеңім деп, 
Мен сені құлай сүйдім, сенесің бе? 
Теңізде желкенім деп, 
Өмірде сен теңім деп, 
Мен сені солай сүйдім, сенесің бе? 

Жүректе сан бұлбұлдар сайрағанын, 
Сен неге махаббат деп ойламадың? 
Алдымнан сен шақырсаң биіктерге, 
Ұша алмай кейде ойларға байланамын, 
Қайтесің болса егер айнала мұң, 
Мен сенің қанатыңа айналамын. 

Қайырмасы: 
Ақ бұлтқа ілесе алмай, 
Мен сенсіз күн кеше алмай, 
Амалсыз көктен жерге төмендедім. 
Қарамай дауылдарға, 
Мен күттім жауындарда, 
Бақыт боп келер дедім. 
Көктемдей көркемім деп, 
Алаңсыз ертеңім деп, 
Мен сені құлай сүйдім, сенесің бе? 
Теңізде желкенім деп, 
Өмірде сен теңім деп, 
Мен сені солай сүйдім, сенесің бе? 


Мен сені құлай сүйдім, 
Мен сені жылай сүйдім, 
Мен сені солай сүйдім, сенесің бе? 
Мен сені құлай сүйдім, 
Мен сені жылай сүйдім, 
Мен сені солай сүйдім, сенесің бе? 
Мен сені құлай сүйдім сенесің бе?
Текст добавлен: Мейірім Әуелханұлы