Ninety One Айыптама минус №3

00:00 / 03:56
Loading
Скачать
0
2275
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: ориг
Свойства файла: 8,9 Мб 320 кбит/с
Загружено: ABYLAI SOUL @ 16.05.20
  
[Шумақ 1: ACE & ALEM]
Бір ауыз сөзің маған айтқан сенің
Орындалмай қалған кездері болмаған
Жетпейді төзім, еркелетіп келдім
Сені құшағымда
Өкпелі бейнең ұнайды
Бұлданба маған олай!
Күлемін саған қарай мен (oh)
Мені айыптама!
Сенбе ғажайыптарға, сен
Жоқ! Мен, бәрібір өзгере алмаймын!
[Рэп 1: A.Z]
(Мм) Басыма бәле болды бұның бәрі
Дымға түсінбей құртасың мидың әлін
(Аа) Бүйтпе – сөйтпе деп бұйырма!
Саған не жетпей, не бұйырмады?
(Айтшы) Не қалайтыныңды?
Қалмай тыным да
Талай қылдым бірақ, таппадым көңіліңді
Алайда қымбат заттарға көмілдің де
Қанағаттанбағандықтан
Тоймай, ойнай, қоймай
Шаршаттың мені! (Аа)
Сенің мінезің ұнайды
Бірақ, сұраныстарың ойыма сыймайды
(Ау) Жарайды, тек сен үшін
Бүгін өзіммен қоса, бүкіл әлемді сыйлаймын (ра!)

[Қайырмасы]
Не деген бітпейді
Айтпашы өкпеңді!
Саған не жетпейді?
Бәрібір өзгере алмаймын!
Не деген бітпейді
Айтпашы өкпеңді!
Саған не жетпейді?
Бәрібір өзгере алмаймын!

[Refrain: A.Z.]
Айыптама мені!

[Шумақ 2: BALA & ALEM]
Армандай берме қызғанып өзгеге
Сен аңсаған бақыт өзге емес, өзіңде
Мені де бір сәт бақытыңа ұқсат
Құлақ ас сөзіме
Өкпелі бейнең ұнайды
Бұлданба маған олай!
Күлемін саған қарай мен (oh)
Мені айыптама!
Сенбе ғажайыптарға, сен
Жоқ! Мен, бәрібір өзгере алмаймын!

[Рэп 2: ZaQ]
(Эй) Stop, күдікке нүкте қой!
Бүгіндікке күтпе мені
Сендік сұрақтар... Түрлі – түрлі сұрақтарың
Кеп жейді миды, тек шектейді
Айт маған, менен саған не жетпейді? (A?)
Сөз тиді ме? Жоқ, бұлданба!
Сен ренжіме, сүйемін шынында
Деймін бірақ та
(Иә) Менен күнде – күнде
Сұрайсың не бәле?
Мінезіңді білем, бірақ келіспеймін
(Аа) Менің басым ауырады!
Күніге неге менің басым ауырады?
Таң қала сен сұрама!
Өзің де тигіздің әсер санама! (Ах!)

[Қайырмасы]
Не деген бітпейді
Айтпашы өкпеңді
Саған не жетпейді?
Бәрібір өзгере алмаймын!
Не деген бітпейді
Айтпашы өкпеңді
Саған не жетпейді?
Бәрібір өзгере алмаймын!

[Refrain: A.Z.]
Айыптама мені!
Айыптама мені!
Айыптама мені!
Текст добавлен: ABYLAI SOUL
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.