Nasr Түндерде минус

00:00 / 04:40
Loading
Скачать
0
690
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: ориг
Свойства файла: 10,6 Мб 320 кбит/с
Загружено: tabynai @ 04.02.16
Текст песни «Түндерде»
  
Сен сондай әдемісің, жәнеде тым дарасың.
Еш қашан өзгермейтін, бұл менің көз қарасым.
Сен жәйлі жазып өлең, сағынып аңсағасын.
Мұңайып көңіл айтамын, қасымда болмағасын.

Мүмкін дұрыста шығар, тоғыспаған тағдырымыз.
Мен өзіңді ұмытпадым, өтседе сан жылымыз.
Екеуміз қаңғып жүрміз, адасып екі жақта.
Қайтеміз амал қанша, бұйыртпаса бір құшаққа.

Ұмытпай есте сақта, баяғы бал күндерді.
Сол кезде мен өзіңді, жар етіп алғым келді.
Бостандықтан айырып, жіпсіз тұсаулағым келді.
Жүзге аспай ойларым, болды ойлағаным кері.

Кінәні іздемеймін, ешқашан мен өзіңнен.
Қолайсыз кезбе деймін, ыңғайсыз деп сезінген.
Мен сені жақсы көрем, баяғы бала кезімнен.
Жасқанып іштей сақтаған, кінәнің бәрі өзімнен.

***

Қиялдап түндерде, елестетіп бейнеңді.
Бір сезім салқындатып, тоңдырды денемді.
Көңілден кетпей есімің, сұрақтар іздеп шешімін.
Ол күндер бірақ балалық, тербеткен сезім бесігін.

***

Сен сондай ақылдысың, намысын кірлетпеген.
Ата-нанңның ақ үмітін, өз мойнына міндеттеген.
Сен сондай мейірбансың, ешкімге ұқсамайтын.
Анаң сені еркелетіп, үнемі сені мақтайтын.

Көрмедім кезін қақсайтын, дегенін екі етпедің.
Ақыл иман парасаты, өне бойын жетектеген.
Сен сондай ақ пейілді, абзалысың әйел заттың.
Тақуалар қатарынан, жаңылмайтын жолды таптың.

Мен сенің құрметтеймін, салихалы өміріңді.
Елемей кетсеңде мейлі, саған деген көңілімді.
Жаратушы жаппар ием, сені маған бұйыртпаған.
Тең келмейтін дәрежемді, салстырмай-ақ құптаған.

Сен сондай әдемісің, жәнеде тым дарасың.
Еш қашан өзгермейтін, бұл менің көз қарасым.
Сен жәйлі жазып өлең, сағынып аңсағасын.
Мұңайып көңіл айтамын, қасымда болмағасын.

Наср Табынаев
Текст добавлен: tabynai