Өмір осы жақындар алыстағы,
Жақынның да болады алыстауы.
Не жетеді пендеге адалдықпен,
Көңіліңді кірлетпей табысқаны.
Қайырмасы:
Бұл фәниде қашанда өмір қымбат,
Өмір қымбат адамдық сенім қымбат.
Байлығыңда дүние бәрінен де
Көңіл қымбат, көңіл қымбат.
Жақсы жандар жүректе қалады анық
Достарың да шығады сараланып
Суығына даланың жаурамайсың
Салқын сөзге қаласың жараланып
Арман қуып өмірден іздедің бақ,
Әрбір таңың ататын бізге жұмбақ.
Адамдықтың щыңы ғой түсіністік
Көңіл деген сіз бенен бізге қымбат.