Ержан Серікбаев Лебізің минус

00:00 / 04:12
Loading
Скачать
1
8118
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 3,8 Мб 128 кбит/с
Загружено: dumantoy @ 01.05.13
Текст песни «Лебізің»
  
1.Сенсіз өмірді мүлде,ойлай да алмаймын,
Жүрегімнің әні сен едің.
Сенсіз жаным жабырқап,қалған жандаймын,
Тыным бермей койды неге мұң ?
Жапырақтар түсіп жатыр,жауып жер бетін,
Үмітімдей кейде үзілген.
Көз алдымнан кетпей қойды,сенің келбетің,
Бақытымды көрдім жүзіңнен.
         
                Қайырмасы:

Сенсің күнім,сенсің таң нұрым,
Сенсің бағым,сенсің бар мұңым.
Айда,күнде өтті көңілсіз,
Сені аңсап асау тағдырым.

2.Айлар асып,жылдар өтті қағып қанатын,
Алыстады неге арамыз ?
Тылсым күш жоқ,мені өзіңе алып баратын,
Енді біздер арман ғанамыз.
Аққу қаздар көл бетінде қалқып барады,
Сағыныштың салып өрнегін.
Жұмбақ сезім,мені өзіңе тартып барады,
Лебізіңе жаным шөлдедім

               Қайырмасы:

Сенсің күнім,сенсің таң нұрым,
Сенсің бағым,сенсің бар мұңым.
Айда,күнде өтті көңілсіз,
Сені аңсап асау тағдырым.