Таң сыры
Кездескенде ақ жүзіңнен жаралған
Күн-нұрына қайран қалып кетіп ем.
Сезімімді күмән санап жағылған,
Батылым жоқ болғаныма өкінем.
Кімге барып, кімге айтып,
Кімге барып өтінем?
а-а-а
Кімге барып, кімге айтып,
Кімге барып, кімге айтып,
Кімге барып өтінем?
Қала берем мекенімде сені ойлап,
Жүрсе екен деп өз елінде аман-сау.
Бар тілегім - жаз күніндей жүр жайнап,
Кездесейік жалын атып жанартау.
Жалындаған жас шағымның
Жаңғырығы жарар тау.
а-а-а
Сағынғанда бір клерсің,
Сарғайғанда бір келерсің
Алатаудың баурына.
Кімге барып, кімге айтып,
Кімге барып, кімге айтып,
Кімге барып өтінем?
Сағынғанда бір клерсің,
Сарғайғанда бір келерсің
Алатаудың баурына.