Муз. Зауре Нәби Сл. Сырбай Мәуленов
Ерте келген бұлаққа,
Еркелеген құраққа
Қызық көріп қараймын
Селтеңдеген лаққа.
Припев
Құлақтары қалқиып,
Танаулары таңқиып,
Кейде бейғам тұрады
Аузын ашып аңқиып.
Жар басында жүреді
Тау басына шығады.
Шапқылайды үнемі
Ақ ешкінің лағы.
Алды-артына қарамай,
Кетеді көл жағалай.
Оның барлық мінезі
Ойын құмар баладай.